Кенияда босқындарға арналған лагерьлер жабылады

Фотография - Кенияда босқындарға арналған лагерьлер жабылады

Бұған дейін басшылар Оңтүстік Суданнан келген босқындар лагерін жапқан болатын

216 0

Кения билігі ел аумағындағы босқындарға арналған барлық лагерьлерді жабу туралы шешім шығарды. Ішкі істер министрінің айтуынша, мұндай қадам елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен экономикалық қиындықтарға байланысты қабылданған. Себебі аймақты паналаған босқындар арасына жасырынған "әл-Шабаб" лаңкестері үш террорлық шабуыл жасауды жоспарлапты. Бұған дейін басшылар Оңтүстік Суданнан келген босқындар лагерін жапқан болатын. Енді азаматтық соғыстан қашқан сомалилықтар паналайтын лагерьлерді жабуды көздеп отыр. Мұнда шамамен 600 мың адам тұрақтаған. Өз кезегінде АҚШ билігі Найробиге шешімін қайта қарауды ұсынып, егер лагерьлерді жаппайтын болса, лаңкестермен күресте қолдау көрсетуге уәде берді, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!