АҚШ-та "Ресей мен Қытай насихатына" қарсы агенттік құру ұсынылды

Фотография - АҚШ-та "Ресей мен Қытай насихатына" қарсы агенттік құру ұсынылды

Заң жобасын оншақты конгрессмен қолдады

744 0

АҚШ Конгрессінің мүшесі Адам Китцингер "Ресей мен Қытай тарататын насихатпен" күресетін жаңа федералдық агенттік құруды ұсынды, деп жазады Washington Examiner.

Заң жобасында Ресей мен Қытай насихаттың көптеген құралдарын АҚШ-тың әлемдік маңызын төмендетуге пайдалануда делінген. "Бұндай агенттік құру АҚШ-қа әлемдік тұрақтылықты қамтамасыз етіп, қақтығыстардың алдын алып, шындықтың қуатты арнасын бағыттауға мүмкіндік береді", — дейді конгрессмен.

Заң жобасын жасауға көмектескен Тед Лью шетелдік насихаттың батысқа қарсы ойларды таратып қана қоймай, қоғамдық қабылдауға да әсер етуде, демокаратияны жоққа шығарады және АҚШ мүддесіне қарсы дейді. "Қысқаша айтқанда, олар әлемдегі қауіпсіздікті төмендетуде", — дейді саясаткер.

Заң жобасын қос партиядан оншақты конгрессмен қолдады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!