Йеменде болған жарылыстардан 13 адам қаза тапты

Фотография - Йеменде болған жарылыстардан 13 адам қаза тапты

Дәрігерлердің айтуынша, опат болғандардың саны алдағы уақытта артуы мүмкін.

409 0

Йеменде болған лаңкестік әрекеттен 13 адам қаза тапты. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

The New Arab басылымының ақпарына сүйенер болсақ, содырлар жарылғыш зат орнатылған үш көлікті жарып жіберген. Салдарынан коалицияға қарасты сарбаздар мерт болды. Қазір олардың азаматтығы анықталып жатыр. Болжам бойынша үкімет сарбаздарымен қатар, Сауд Арабиясының әскерлері болуы мүмкін.

Зардап шеккендердің нақты саны әзірге белгісіз. Қазір олар ауруханаларға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, опат болғандардың саны алдағы уақытта артуы мүмкін.

Оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр. Ресми мәліметтер бойынша, бұл істі ТГИЛ экстремистік ұйымы өз мойнына алды.

Айта кетейік, Йеменде үкімет әскерлері мен террорлық топтардың арасында қақтығыстар жиі болып тұрады. Өткен айда арнайы операция жұмыстары кезінде «Аль-Каида» ұйымына мүше 800 содырдың көзі жойылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!