ИШИМ соғысудан бас тартқан өз әскерін өлтіруге кірісті

Фотография - ИШИМ соғысудан бас тартқан өз әскерін өлтіруге кірісті

ИШИМ баскесерлері арасындағы ауқымды жазалау шарасы соңғы рет ақпан айының 28-жұлдызында орын алған еді.

292 0

Ислам атын жамылған лаңкестер ұйымы күрд жасағымен соғысудан бас тартқан 30-дан өз әскерін жер жастандырды. Түрлі деректер бойынша, Ирак елінің Киркук қаласында өткен жазалау барысында 35-45 әскерді тірідей жерлеген. Шетел баспасөз құралдарының хабарлауынша, тірідей жерлеу жазасы лаңкестер арасында бірінші рет қолданылып отырған көрінеді.

Айта кетейік, ИШИМ баскесерлері арасындағы ауқымды жазалау шарасы соңғы рет ақпан айының 28-жұлдызында орын алған еді. Таңдаған жолдарының теріс екенін түсінген 45 жан өз еріктерімен соғысудан бас тартқан болатын. Алайда, олардың барлығы да ату жазасына кесілген еді.

*ИШИМ (ДАИШ) – ҚР аумағында қызметіне тиым салынған террористтік ұйым. 

muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!