Ұлыбританияда бәле іздеген исламофоб өзі масқара болды

Фотография - Ұлыбританияда бәле іздеген исламофоб өзі масқара болды

Ол өзінің Твиттер парақшасына Садық Ханның әйелі мұсылман екенін күйеуі әкім болғаннан кейін ғана есіне алған деп айыптаған.

247 0

"Ағылшын қорғаныс лигасы" атты оңшыл-радикалды қозғалыстың бұрынғы басшысы Томми Робинсон Лондон қаласының мэрі болып сайланған Садық Ханға күйе жақпақ болған әрекетінен түк шықпай, ақыр соңында өзі масқара болды.

Ол өзінің Твиттер парақшасына Садық Ханның әйелі мұсылман екенін күйеуі әкім болғаннан кейін ғана есіне алған деп айыптап, "дейін" және "кейін" деген суреттер орналастырған. Оның бірінде Садықтың артындағы әйелдің ақ түсті хиджаб кигені көрсетілген. Ал, екіншісінде Садықтың әйелі орамалсыз болған.

Бәле іздеген Томми Робинсонның көзін өшпенділік оты толтырғаны соншалық, ол екінші суреттегі орамалсыз әйелдің Садық Ханның жұбайы емес екенін де аңғармаған. Өзінше әлеуметтік желіні шулататын жаңалық таптым деп масайраған Томмидың арамза ойы осылайша іске аспай қалды. Әлеуметтік желі қолданушылары суреттегі әйелдің ағылшындық медиа орталықтардың директоры Сара Джозеф екенін айтып, Томмидың өзін күлкіге айналдырған.

Ең күлкілісі – көздерін өшпенділік шелі қаптаған Томмидың жүздеген жақтастары аталмыш суреттердің ақ-қарасын ажыратпай жатып, әлеуметтік желіде қызу бөліскен көрінеді.

muslim.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!