Экологияның нашарлығынан жылына 7 млн. адам қайтыс болады

Фотография - Экологияның нашарлығынан жылына 7 млн. адам қайтыс болады

Бұл мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасады.

195 0

Әлемде үлкен қалалардағы экологияның нашарлауынан жылына шамамен 7 миллион адам қайтыс болады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Бұл мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жасады. Ұйымның ақпарынша, 2014 жылы арнайы жүргізілген зерттеу жұмыстары кезінде әлемдегі 1600 қаланың экологиясы нашарлағанын анықтаған. Ал бұл көрсеткіш бүгінде екі есеге артып отыр. Қазіргі кезде әлемнің 3 мыңға жуық қаласының тұрғындары лас ауамен дем алуда. Олардың арасында Қытай мен Үндістан қалалары көш бастап тұр.

"Экологияның нашарлауы адам денсаулығына орасан зор зиянын тигізеді. Мұны халық дұрыс түсінуі тиіс. Ал осындай қалалардың басшылары бұл мәселенің шешімін тезірек тауып, назардан тыс қалдырмауы тиіс. Осы іс тез арада жүзеге асырылса, денсаулыққа төнетін қауіптің беті қайтады", – дейді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның қоғам денсаулығын сақтау ісі бойынша директоры Мария Нейра.

Айта кетейік, әлемдегі экологиясы нашар қалалардың бірі болып, Қытай астанасы Бейжің саналады. Бейресми мәліметтер бойынша, Аспанасты елінің бас қаласындағы бұл жағдай, тіпті ғарыштан да көрінеді. Осыған байланысты, қала билігі бірқатар істердің бастау алуына себепші болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!