Канададағы өрт мұнай компанияларының жұмысын тұралатты

Фотография - Канададағы өрт мұнай компанияларының жұмысын тұралатты

Альберта – әлемде мұнай қоры көп үшінші өндіріс аймағы

351 0

Канаданың Альберта провинциясындағы өрт салдарынан аймақтағы төртінші мұнай компаниясы өз тұтынушыларының сұранысын толық қамтамасыз ете алмайтынын хабарлады. Бұған дейін мұндай мәлімдемені British Petroleum,Phillips 66, және Suncor Energy мұнай компаниялары да жасаған еді. Ал өрт кесірінен өндірісі тұралаған Ambridge бен Shell компаниялары жұмысын қайта жандандырды. Айта кету керек, Альберта – әлемде мұнай қоры көп үшінші өндіріс аймағы. Ондағы қара алтын өндіруші компаниялардың жұмысына ыстық ауа мен желден тұтанған өрт біршама кедергі келтірген. Оған қоса тұрғындарды да әбігерге салып, 1600 үйді жалын шарпыған. Соңғы мәліметтрге қарағанда, шығын көлемі 7 миллиард АҚШ долларынан асып жығылады, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!