АҚШ-та әйел адам алғаш рет әскери жоғары лауазымға ие болды

Фотография - АҚШ-та әйел адам алғаш рет әскери жоғары лауазымға ие болды

Салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Робинсон елдегі экстремистерді жіті бақылауында ұстайтынын айтты

914 0

АҚШ әскерінде әйел адам алғаш рет жоғары лауазымдардың бірін иеленді. Әскери әуе күштерінің генералы Лори Робинсон Солтүстік Америка әуе-ғарыш қорғаныс қолбасшылығы мен АҚШ Қарулы күштерінің Солтүстік қолбасшылығын басқармақ. Ол бұған дейін Тынық мұхиты аймағындағы әскери әуе операцияларға жауапты болған еді. Салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Робинсон елдегі экстремистерді жіті бақылауында ұстайтынын айтты. Time журналы биыл оны әлемдегі ең ықпалды жүз адамның тізіміне қосқан. Айта кетейік, былтыр АҚШ қолбасшылығы әйелдерді алғаш рет барлық әскери лауазымдарға тағайындауға келісім беріп, тарихи шешім қабылдады, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!