1098

Филиппиннің жаңа президенті өлім жазасын қайта енгізуге уәде берді

Сонымен бірге Дутерте ішімдік ішуге, ғимарат ішінде темекі тартуға толық тыйым салуы мүмкін екенін де айтқан
Фотография - Филиппиннің жаңа президенті өлім жазасын қайта енгізуге уәде берді

Осылайша, Родриго Дутерте қылмыстық топтарға қарсы аяусыз күрес жүргізуге бел буып отыр. Тіпті ол күдіктілер қылмыс болған жерде тұтқынға алу кезінде қарсылық көрсетсе, қауіпсіздік қызметкерлеріне бірден атып тастауға пәрмен беретінін мәлімдеген. Сөйтіп, президент жақын арада өлім жазасын белгілеуге салынған мораторийді жоюға күш салмақ. Сонымен бірге Дутерте ішімдік ішуге, ғимарат ішінде темекі тартуға толық тыйым салуы мүмкін екенін де айтқан. Бұдан басқа, ол барлық шенеуніктерге әуе билетін тек эконом-классқа алуға бұйрық шығаратынын жеткізді, деп жазды 24.kz.

Загрузка...