Пан Ги Мун: Мигранттар саны 224 миллион адамға жетті

Фотография - Пан Ги Мун: Мигранттар саны 224 миллион адамға жетті

Балалармен қоса санағанда 60 миллионға жуық адам босқын атанды

151 0

Соңғы 15 жылда халықаралық мигранттардың саны 40%-ға көбейді. Балалармен қоса санағанда 60 миллионға жуық адам босқын атанды. Соңғы мәліметтер бойынша мигранттардың жалпы саны 224 миллион адамға жеткен6 деп хабарлады 24.kz.

Бұл мәліметтер Дүниежүзілік гуманитарлық саммитке дайындық барысында БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунның баяндамасында айтылды. Жоғары дәрежедегі жиын 23-24 мамыр күндері Ыстамбұлда өтеді. БҰҰ-ның Бас хатшысы "Босқындар мен мигранттарды қабылдау жауапкершілігі" атты ғаламдық келісім жасауды ұсынып отыр. Ұйымның мәліметі бойынша биылғы жылдың өзінде Еуропаға теңіз арқылы 188 мың босқын мен мигрант барған. Ал 160 адам Еуропа жағалауына жете алмай, ажал құшқан.

 Каталин Богай, Венгрияның БҰҰ тұрақты өкілі: - Біздің мигранттар проблемасына деген көзқарасымыз ерекше. Бұрыннан көтеріп келе жатқан мәселенің бірі – жаппай көші-қон мәселесіне не түрткі болғандығын нақты анықтау. Таяу Шығыс пен Сириядағы дағдарысты шешу керек. Бейбіт өмір жоқ жерде болашақ та болмайды. Сондықтан да бұл проблеманы шешуде өз ұстанымымыз бар. "БҰҰ-2030" бағдарламасының күн тәртібінде миграция мәселесіне көп көңіл бөлінген. Бұл үрдістерді жоспарлау және бақылауға арналған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!