Зика безгегі Қытай астанасына жетті

Фотография - Зика безгегі Қытай астанасына жетті

Мәліметтер бойынша, Шаньдун провинциясының түрғыны 29 жастағы әйел 13 мамыр күні Венесуэладан оралған екен

255 0

Қытай астанасы Бейжің қаласында зика безгегін жұқтырған алғашқы адам анықталды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Мәліметтер бойынша, Шаньдун провинциясының түрғыны 29 жастағы әйел 13 мамыр күні Венесуэладан оралған екен. Аталған елден қауіпті ауруды жұқтырып келгені арнайы зертханалық тексерістен кейін анықталды. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында, үзбей ем қабылдап жатыр.

Сонымен қатар, Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында өткен жексенбі күні, яғни 15 мамырда он екінші адамның зика безгегіне шалдыққаны белгілі болды. Ол да жақында ғана Венесуэладан келген 37 жастағы әйел адам.

"Синьхуа" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, осыған дейін аталған ауруды жұқтырған Аспанасты елінің тұрғындары Латын Америкасына барған сапарларында жұқтырған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!