Индонезияда су тасқынынан 17 адам қаза тапты

Фотография - Индонезияда су тасқынынан 17 адам қаза тапты

Индонезияда жиі су тасып, лай көшкіндері жүреді

126 0

Индонезияның Солтүстік Суматра аралында су тасып, 17 адам қаза тапты, деп хабарлады 24.kz.

 Табиғи апатқа ұшыраған аймақта елге етене танымал шипажай орналасқан. Екі жол нұсқаушы бастаған 70 студенттен тұратын топ сарқырамаға саяхатқа шыққан кезде, су тасыған. Құтқарушылар апаттан ажал құшқан 17 адамның денесін тапты. Тағы төртеуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Іздестіру жұмыстарына 300-ден астам адам тартылған. Олардың арасында құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен сарбаздар бар. Негізі маусымдық жаңбыр салдарынан Индонезияда жиі су тасып, лай көшкіндері жүреді. 17 мыңдай аралдан тұратын бұл мемлекетте миллиондаған адам таулы аймақта және өзен жағасына жақын жазық жерлерде тұрады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!