Канададағы орман өрті мұнай қоймасына қауіп төндіріп тұр

Фотография - Канададағы орман өрті мұнай қоймасына қауіп төндіріп тұр

Алайда жергілікті билік әзірге алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр

173 0

Канаданың Альберта провинциясында ырық бермей тұрған орман өрті "Энбридж" компаниясының мұнай қоймасына таяп қалды. Алайда жергілікті билік әзірге алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр. Айта кеткен жөн, мамырдың басында елдің батысында басталған орман өрті күн санап өршіп барады. Соңғы мәлімет бойынша, тілсіз жау 258 мың гектар аумақты шарпыған. Қызыл жалыннан әсіресе Форт Мак-Мюррей қаласының тұрғындары қатты зардап шекті. Мұнда 2,5 мыңға жуық үй жанып кеткен. Отты ауыздықтауға күннің ыстығы мен екпінді жел кедергі болып отыр, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!