Сидней полициясы теракт дайындаған жас жігітті тұтқындады

Фотография - Сидней полициясы теракт дайындаған жас жігітті тұтқындады

Сонымен бірге ол террористік ұйымға қосылу үшін елден шығуға әрекеттенген

292 1

Австралия полициясы Сидней қаласында терактіге дайындалған 18 жасар жігітті ұстаған. Бұл туралы Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты комиссарының орынбасары Кэтрин Берн мәлімдеді.

Оның айтуынша, ер адамды тұтқындау арқылы полиция сөзсіз жасалар терактінің алдын ала алған.

Тұтқындалған адамның аты-жөні әзірге айтылмай отыр. Ақпан айында Сидней халықаралық әуежайындағы шекара қызметкерлері оның құжатын жарамсыз етіп, елден шығуына жол бермеген. Австралияның Федералды полиция комиссарының орынбасары Нил Гейганның мәлімдеуінше, тұтқындалған адамға терактіні жоспарлау мен террористік ұйымға қосылу үшін елден шығуға әрекеттену бойынша айыптар тағылатындығын мәлімдеді. Егер оның кінәсі дәлелденген жағдайда күдікті өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Мартгул 21 мам. 2:06

Кудай ози сактасын не боп кетти заманымыз

Жауап беру