Трамп Обамаға "АҚШ тарихындағы ең нашар президент" деген баға берді

Фотография - Трамп Обамаға "АҚШ тарихындағы ең нашар президент" деген баға берді

15 мамырда Обама Нью-Джерсидің Ратгер университетіндегі түлектерді шығарып салу салтанатында сөз сөйледі

452 0

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп қазіргі ел президенті Барак Обаманың сынына жауап берді. Твиттердегі жеке блогында ол АҚШ басшысына "надандық адамгершілікке жатпайды" деген сөзін есіне салды, деп хабарлады Baq.kz.

"Саясатта да, өмірде де надандық ешқашан адамгершілікке жатпайды». Обаманың АҚШ тарихындағы ең нашар президент болуының басты себебі осы", - деп жазды Трамп.

15 мамырда Обама Нью-Джерсидің Ратгер университетіндегі түлектерді шығарып салу салтанатында сөз сөйледі. Сөз сөйлеу барысында мемлекет басшысы бірқатар ұсынысарды, оның ішінде АҚШ шекарасында қорған салу, сондай-ақ Американы бұрынғыдай ұлы мемлекетке айналдыру сынды ұрандарды сынға алды. Бұл ұсыныстардың авторын атамағанымен, Обаманың кімді меңзегенін шара қатысушылары бірден түсінген болу керек. Әңгіме президенттікке үміткерлердің бірі Дональд Трамп жайында еді.

Президент мұсылмандар үшін АҚШ-тың есігін жауып тастау "америкалық құндылықтарды сатумен тең" деді. "Саясатта да, өмірде де надандық адамгершілікке жатпайды. Бұл саяси сауатты ұран тастау емес, бұл не айтып, не қойғаныңты түсінбеудің белгісі", - деп сынады ол.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!