Йеменде халықтың үштен бірі аштық зардабын шегуде - БҰҰ өкілі

Фотография - Йеменде халықтың үштен бірі аштық зардабын шегуде - БҰҰ өкілі

10 миллионан астам адам дәрігерлік көмекке мұқтаж

226 0

Йеменедегі қақтығыстар салдарынан 7,8 милллион жергілікті тұрғын азық-түлік жетіспеушілігінен зардап шегуде. Бұл туралы Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының өкілі Джон Гинг мәлімдеді.  

Сонымен бірге, 10 миллионан астам адам дәрігерлік көмекке мұқтаж. Тағы 7,5 млн таза ауызсуға қол жеткізе алмай отыр.

"Йеменде жағдай өте қауіпті. Гуманитарлық дағдарысты реттеу үшін 1 млрд 800 млн доллар қажет. Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем елдерінен қаржылай көмек беруді сұраған еді. Бірақ соңғы 5 айдың ішінде қажетті соманың 16%-ы ғана қолымызға тиді", – дейді дейді бұл елге өзі барып қайтқан БҰҰ өкілі.

Естеріңізге салсақа кетейік, Йемендегі гуманитарлық дағдарысқа 2014 жылы үкімет әскері мен шиіттік бүлікшілер – хуситтер арасында басталған қақтығыс себеп болған. Соғыс қимылдарынан 6,5 мың адам қаза тауып, 30 мыңнан астамы жарақат алған. Соның ішінде 930 бала көз жұмған.


Тегтер:

аштық Йемен

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!