Италияда 800 босқынның әліміне кінәлі капитан 18 жылға сотталуы мүмкін

Фотография - Италияда 800 босқынның әліміне кінәлі капитан 18 жылға сотталуы мүмкін

Прокурорлар капитан көмекшілерін де алты жыл бас бостандығынан айыруды сұрап отыр

868 0

Италияда контрабандамен айналысып, мигранттарды тасыған кеменің капитанына қатысты сот ісі жүріп жатыр. Естеріңізге салсақ, Еуропаға жеткісі келген босқындар заңсыз кісі тасумен айналысқан топтың кемесімен 800 адам Жерорта теңізінде аударылып, көпшілігі суға кеткен. Тек 28 аадам аман қалған.

Прокурорлар капитан көмекшілерін де алты жыл бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Мохаммед Али Малек пен Махмуд Бикит абайсызда адам өліміне кінәлі болды деп айыпталуда. Бірақ олар өз кінәләрін мойындамады. Жай ғана жолаушы болғандарын алға тартуда. Былтыр 18 сәуірде болған апатта нақты қанша адам қаза болғаны әлі де белгісіз. Көбінің денесі әлі теңіз астындағы кемеде жатыр.

"Менің қорғауымдағы адам "заңсыз көші-қон мәселесіне үлесін қосқан, кеменің апатқа ұшырауына және абайсызда жаппай адам өліміне әкелген жайтқа кінәлі" деп айыпталып отыр. Сондықтан 18 жыл бас бостандығына айырылуы әбден мүмкін. 4 қазанда біз сотқа айыпталушыны ақтайтын дәлелдер келтіруге міндеттіміз. Кейін үкімді сот шығарады", - дейді адвокат Массимо Ферранте.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!