Анголада 300 тұрғын сары безгектен көз жұмды

Фотография - Анголада 300 тұрғын сары безгектен көз жұмды

Осы уақыт ішінде індетті тағы 2400 тұрғын жұқтырған

446 0

Анголада соңғы 4 айда 300 адам сары безгектен көз жұмды. Осы уақыт ішінде індетті тағы 2400 тұрғын жұқтырған. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Мамандар мамыр айының аяғына дейін 7 миллион адамға безгектің осы түріне қарсы екпе жасауды көздеп отыр. Вакцинамен тек Ангола ғана емес, індет өршіп тұрған өзге мемлекеттердің тұрғындары да қамтылады. Айта кеткен жөн, сары безгек – тропикалық және субтропикалық елдерде маса арқылы таралатын жұқпалы ауру, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!