Армения үкіметі 800 қызмет көлігінен бас тартпақ

Фотография - Армения үкіметі 800 қызмет көлігінен бас тартпақ

Бюджеттен қаржыландырылатын 107 көлік қысқарады, ал жабық акционерлік қоғам, қорлар есебінен 690 көлік қысқарылады", - деді Арутюнян.

188 0

Арменияның үкімет аппаратының жетекшісі-министр Давид Арутюнян үкіметтің көп жылдан бері салық төлеушілердің есебінен жүздеген қымбат көлікті пайдаланып келгенін, бұдан былай қызмет көлігінсіз де жұмыс істеуге болатынын мәлімдеді. Ол бұл жөнінде үкімет отырысында айтты.

centralasian.org-тың хабарлауынша "бірінші кезеңде 797 қызмет көлігі қысқарылады. Біз қорғаныс және сыртқы істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Тергеу комитеті және құтқару қызметінен басқа министрліктердің барлығымен жұмыс істедік. Бюджеттен қаржыландырылатын 107 көлік қысқарады, ал жабық акционерлік қоғам, қорлар есебінен 690 көлік қысқарылады", - деді Арутюнян.
Ол сонымен бірге премьер-министрдің бақылау қызметі көлікті тиімді пайдалануды үнемі зерттеп отырады әрі мемлекеттік органдардың сайтында қызмет көлігін неге, қандай мақсатта пайдаланғаны жөнінде ақпарат көрсетіп отырулары тиіс деді.
Үкімет мүшелері қызмет көліктерінің қысқартылуы мекеменің жұмысына кедергі келтірмейтінін қуаттайды. Бірақ 2016 жылдың бюджетін бекіткен кезде көліктің саны 83-ке көбейіп, жалпы саны 1100 болғанда, ешкім қарсылық білдірмеген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!