Диярбақырда 3 тонна жарылғыш зат тәркіленді

Фотография - Диярбақырда 3 тонна жарылғыш зат тәркіленді

Құзырлы органдар дер кезінде содырлардың жолын кесті

243 0

Түркияның тәртіп сақшылары Диярбақыр провинциясы Енишехир ауданында 3 тонна жарылғыш зат тәркіледі. Қалалық полицияның таратқан мәліметі бойынша, лаңкестер жарылғыш затты тракторға тиеп үстін көңмен көмкеріп, жасырын өткізбек болған. Алайда құзырлы органдар дер кезінде содырлардың жолын кесті. Көлікті тінту барысында аммоний нитраты мен алюминий ұнтағынан жасалған жарылғыш заттармен қатар, сымы тартылған 3 детонатор және қашықтықтан басқарылатын құрылғылар табылды. Алдын ала ақпарат бойынша, лаңкестік топ бұл жарылғыш заттарды қарулы күштер мен полиция көліктері қатынайтын жолға төсеп, жермен жексен етпек болған. Айта кетейік, Түркияның шығыс аймағында 10 айдан бері КЖП жасағы мен күштік құрылымдар арасында кескілескен шайқас жүріп жатыр. Бұл қарулы қақтығыстардан бүгінге дейін 500-ге жуық әскери жауынгер қаза тапса, 4500-дей лаңкес жер жастаныпты, деп жазды 24.kz.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!