Трамп президенттік сайысына $43 миллионнан аса ақша жаратты

Фотография - Трамп президенттік сайысына $43 миллионнан аса ақша жаратты

Агенттік мұны Трамптың АҚШ федералды сайлау комиссиясына тапсырған жаңа қаржы есебі бойынша таратқан

300 0

АҚШ президенттігіне Республикашылар партиясы атынан түсетін жалғыз үміткер рөлін алуға тым жақын қалған миллиардер Дональд Трамп өзінің президенттік науқанына қазірге дейін $43 миллионнан астам қаржы жаратып үлгерді. Бұл туралы АР ақпарына сүйенген egemen.kz  хабарлады.

Агенттік мұны Трамптың АҚШ федералды сайлау комиссиясына тапсырған жаңа қаржы есебі бойынша таратқан. Ал РИА «Новости» агенттігі Трамптың АҚШ президенттігіне дауысқа түсетіні туралы ресми түрде жария еткен уақытынан Республикашылар партиясы сапынан праймеризге (штаттар бойынша делегаттар арасында өтетін алғашқы сайлаулар) қатысудан екі кандидат бас тартқан мамыр айына дейін $56 миллионға жуық ақша жұмсағанын жазады. Сәуір айында Техас штатынан сайланған сенатор Тед Круз бен Огайон штатының губернаторы Джон Кейсик үшеуінің арасында өткен делегаттар дауыстары үшін күресте Трамптың $9,4 миллионға жуық ақша шашқаны, мұның 7,5 миллионы өз қалтасынан шыққаны белгілі болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!