Сирияда содырлар шабуылынан қаза тапқандар саны 100 адамға жетті

Фотография - Сирияда содырлар шабуылынан қаза тапқандар саны 100 адамға жетті

Ресми мәліметтер бойынша, лаңкестік әрекеттерді "Ахрар аш-Шам" және ТГИЛ ұйымдары өз мойнына алды.

192 0

Сирияның Джабла және Тартус қалаларында жарылыстардан қаза тапқандар саны 100 адамға жетті. Бұл туралы РИА "Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Джабла қаласында жергілікті автовокзал мен ауруханада төрт жарылыс болған. Тартус аймағында содырлар үш бірдей теракт ұйымдастырған. Қаза тапқандардың көбісі бейбіт тұрғындар.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. Экстремистік әрекеттерден ондаған адам түрлі деңгейде жарақат алды. Олардың бәрі жақын маңайдағы ауруханаларға жеткізілді. Ресми мәліметтер бойынша, лаңкестік әрекеттерді "Ахрар аш-Шам" және ТГИЛ ұйымдары өз мойнына алды.

Айта кетейік, осы жылдың ақпан айының соңына таман Сирияның президенті Башар Асад үкіметі мен оппозициялық күштердің арасында бейбіт келісім орнаған. Алайда, бұл келісімнің аталған лаңкестік ұйымдарға еш қатысы жоқ. Осыған байланысты үкімет әскері  арнайы операция кезінде жүздеген экстремистің көзін жойған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!