Жерорта теңізінде 300 мигрант құтқарылды

Фотография - Жерорта теңізінде 300 мигрант құтқарылды

Олардың жартысы балалар екен

248 0

Испанияның азаматтық гвардиясы Италияға тиесілі Жерорта теңізі аумағынан 300 мигрантты құтқарды. Олардың жартысы балалар екен. Құтқару операциясы Еуроодақтың "Тритон" атты миссиясы аясында өткен. Босқындарды Еуропаға жеткізудің негізгі жолы Жерорта теңізі арқылы өтеді. Жыл басынан бері осы жолмен Еуропаға 190 мың мигрант барған. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдеріндегі соғыс пен экономикалық қиындықтардан қашқан мыңдаған адам теңізде жүзуге бейімделмеген қайықтар мен кемелерге мініп, күн сайын қауіпті сапарға аттанып жатыр, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!