Жапонияда "үлкен жетілік" саммиті басталды

Фотография - Жапонияда "үлкен жетілік" саммиті басталды

Премьер-министрі Синдзо Абэ қатысушыларды Исэ ғибадатханасының алдында қарсы алған

240 0

Бүгін Жапонияның Миэ префектурасында "үлкен жетілік" саммиті басталды, деп жазды 24.kz. 

Премьер-министрі Синдзо Абэ қатысушыларды Исэ ғибадатханасының алдында қарсы алған. Үкімет басшысы осылайша қонақтарға күншығыс елінің әсемдігі мен мәдениетін көрсетпек болғанын айтады. Алқалы жиында әлемдік экономиканы дамыту және ондағы шешілмеген мәселелер қарастырылмақ. Саммитте қауіпсіздікті 100 мыңға жуық полицей қамтамасыз етеді. 

Хираюки Шимизу, жергілкіті тұрғын: - Көшеде жүрген полицейдің саны өте көп. Бұл саммит қатысушыларымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып отыр. Дегенмен, қазір бірқатар қиындық та туындап отыр. Мәселен, мен әдетте жұмысқа көлікпен 5-10 минут ішінде жететінмін. Бүгін ұзақ жүрдім.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!