Нью-Мексико штатында наразылық шеруі өтті

Фотография - Нью-Мексико штатында наразылық шеруі өтті

Штаттың ең ірі қаласы Альбукеркеде ереуіл соңы қақтығысқа ұласты

223 0

АҚШ-тың Нью-Мексико штатына үгіт-насихат жұмыстарымен барған Дональд Трампты жергілікті жұрт наразылық шеруімен қарсы алды. Штаттың ең ірі қаласы Альбукеркеде ереуіл соңы қақтығысқа ұласты. Наразы топ тәртіп сақшыларына тас пен шөлмек лақтырған. ХІХ ғасырдың ортасына дейін Мексика құрамында болған бұл аймақта мексикалықтар көп тұратыны белгілі. Сайлау науқаны барысында Дональд Трамп Мексика халқын қарақшы және есірткі таратушы деп, осы елмен арадағы шекарада дуал салу керек деген еді. Нью-Мексикода праймериз 7 маусымда өтеді. Республикалық партияның атынан президенттікке ресми үміткер атануы үшін Трамп тағы да 41 дауыс жинауы керек, деп хабарлады 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!