Жерорта теңізінде тағы бір кеме апатқа ұшырады

Фотография - Жерорта теңізінде тағы бір кеме апатқа ұшырады

Салдарынан 45 адам көз жұмға

291 0

Жерорта теңізінде тағы да мигранттар мінген кеме апатқа ұшырады. Салдарынан 45 адам көз жұмған. Италияның әскери-теңіз күштері 135 босқынды ғана аман алып қалды. Алдын ала мәлімет бойынша, кемеде шамамен 350 адам болған. Әлі де болса, аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Осылайша, соңғы бірнеше күнде Жерорта теңізінде 130 мигрант кемелері суға кетіп, ажал құшқан. Соңғы 22 операцияның күшімен 4 мыңнан астам босқын құтқарылды, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!