Германияда футбол алаңына найзағай түсті

Фотография - Германияда футбол алаңына найзағай түсті

35 адам түрлі деңгейде жарақат алды.

409 0

Германияда футбол алаңына найзағай түсіп, 35 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы РИА "Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz  хабарлайды.

Зардап шеккендердің 30-ы балалар. Оқыс оқиға мемлекеттің батыс аймағындағы Хопштедтен елді мекенінде матч кезінде орын алды. Berliner Zeitung басылымының хабарлауынша, сол сәтте футбол матчы болып жатқан. Мәліметтер бойынша, ауа райының бұзылуы тіркелмеген. Ал жаңбыр жауған сәтте ойын аяқталып қалған болатын.

Найзағай түсуінің салдарынан 9-12 жастағы бірнеше баланың және бір ер адамның жүрек қағысы нашарлаған. Сонымен қатар, дәрігерлер үш адамның жағдайы мүшкіл екенін мәлімдеді.

Rheinpfalz басылымы 11 баланың, 11 ересек адамның ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Ал қалғандарының жағдайы бір қалыпқа түсті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!