Манго Рамазанға орай киім топтамасын шығармақ

Фотография - Манго Рамазанға орай киім топтамасын шығармақ

Аталған коллекция күнделікті киілетін киімдерден тұрмақ.

262 0

Танымал испан киім ретейлері Манго Рамазан айына арналған киім коллекциясын шығаруға ниетті. Мұсылман киімдері мамыр айының соңында саудаға шығарылады, деп хабарлайды hibatulla.kz.

Аталған коллекция күнделікті киілетін киімдерден тұрмақ. Нақтырақ айтқанда, күртешелер, жейделер, юбкалар және көйлектер.

Сату көлемін ұлғайту үшін компания осындай қадам жасауға шешім қабылдаған. Бұрын мұсылмандар киімдерін танымал британиялық бренд Uniqlo шығарып бастаған.

Сонымен қатар, мұсылманша киімдерді шығаруға басқа да брендтер қызығушылық танытты. Мысалы, Dolce & Gabbana хиджаб және абая топтамасын шығарды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!