Босниялық имам священиктің өсиетін орындады

Фотография - Босниялық имам священиктің өсиетін орындады

Сербиялық дін қызметкерінің ұлы Миливой Чвиянович "Анадолу" агенттігіне берген сұхбатында Хусейн Ходьич есімді имамға алғыс білдірді.

294 0

Босниялық Хусейн Ходьич есімді имам Драган Чвиянович шіркеу қызметкерінің орындалмай кеткен арманын жалғап,марқұмның артында қалған отбасына бір жыл бойы көмектесіп келген. Көз жұмар алдында жер теліміне қол жеткізіп, үй салуға кіріскен Драган өткен жылдың қазан айында қайтыс болғанымен, құрылыс жұмыстары Хусейн имамның қолдауымен жалғасын тапқан.

Сербиялық дін қызметкерінің ұлы Миливой Чвиянович "Анадолу" агенттігіне берген сұхбатында үй толықтай Хусейн имамның қаржысына салынып біткенін айтады. "Жер бетінде ізгі адамдардың бар екеніне шексіз қуаныштымын", – дейді ол. Оның айтуынша, әкесі мен Хусейннің арасындағы қарым-қатынас Требинье қаласында басталған көрінеді. Кейіннен Хусейн Черногриядағы Герсег-Нови қаласына ауысып кеткенімен, арадағы сыйластық үзілмеген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!