Иракта ИСИМ содырларының құпия жерасты жолы табылды

Фотография - Иракта ИСИМ содырларының құпия жерасты жолы табылды

Ең ұзын жерасты жол кірпіш зауытының маңайынан қазылған.

444 0

Ирактың Аль-Фаллуджа қаласына таяу жерден үкімет әскері лаңкестердің бірнеше құпия жерасты жолын тапты. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Мәліметтер бойынша, қақтығыс кезінде жеңіле бастаған содырлар дәл осы жерлерге жасырынған. Ал ең ұзын жерасты жол кірпіш зауытының маңайынан қазылған. Сонымен қатар, осыдан бірнеше күн бұрын үкімет әскері ТГИЛ лаңкестік ұйымының 80 мүшесінің көзін жойған.

Аталған террорлық топ Аль-Фаллуджа қаласын 2014 жылы басып алған. Осыған байланысты қазіргі таңда қаланы азат ету үшін арнайы операция жұмыстары жүріп жатыр. Әскерилердің бірнеше шабуылынан кейін біраз адам қаладан шығып үлгерген. Алайда, мәліметтер бойынша, әлі 50 мыңға жуық адам Аль-Фаллуджадан кете алмай отыр.

Айта кетейік, өткен жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Иракта бір жылдың ішінде 15 мыңға жуық бейбіт тұрғын содырлардың қолынан қаза тапқанын мәлімдеді.

*ИШИМ (ДАИШ) – ҚР аумағында қызметіне тиым салынған террористтік ұйым. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!