Мексикада белгісіз біреулер танымал футболшыны ұрлап кетті

Фотография - Мексикада белгісіз біреулер танымал футболшыны ұрлап кетті

25 жастағы спортшыны бетперде киген біреулер күштеп алып кеткен.

281 0

Мексикада белгісіз біреулер Алан Пулидоны ұрлап әкетті. Ол футболдан ел құрамасының және грекиялық "Олимпиакостың" шабуылшысы.  Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 25 жастағы спортшыны бетперде киген біреулер күштеп алып кеткен. 

Оқыс оқиға Мексикадағы ең қауіпті аймақтардың бірі Тамаулипас штатында болған. Билік ойыншының қайда отырғанын анықтауға тырысып жатыр. Айта кеткен жөн, Пулидо грекиялық "Олимпиакоста" былтырдан бері ойнайды. Ол ұлттық құрама сапында 2014 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!