АҚШ-та президенттіктен жаңа үміткер пайда болды

Фотография - АҚШ-та президенттіктен жаңа үміткер пайда болды

Нью-Мексико штатының бұрынғы губернаторы Гэри Джонсон ұсынылды.

553 1

Жексенбіде либертариандық партия  президенттікке Нью-Мексико штатының бұрынғы губернаторы Гэри Джонсонды ұсынды.  Ол осыдан төрт жыл бұрын мемлекет басшысының сайлауына түсіп, нәтижесінде 1% дауыс жинаған болатын. Жуырда Флоридада өткен партиялық съезд барысында Джонсон 55,8% дауыс жинап, бес бәсекелесінен озып кетті.

Әдетте либертариандықтар сайлауларда жеңіске жететіндей мүмкіндіктері болмайтын. Бірақ бұл жолы, жүргізілген сауалнамаларда Джонсон 10%-дан астам дауысты жинап отыр. Республикалық партиясының атынан түсіп отырған Трамп пен Клинтонның америкалықтар алдындағы беделінің төмендігін ескерсек, Джонсонның үміті бар сияқты.
АҚШ-тың либертариандық партиясы биыл 45 жылдық мерейтойын атап өтеді. Партия еркін нарықтық экономика, халықаралық еркін сауда, азаматтардың құқығы мен еркіндігін қамтамасыз ету және өзге елдердің ісіне араласпауды жақтайды.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Балгайып 31 мам. 2016

Амереки призиденти бастысы Доналд Трамп болмаса болд. Ол мусулмандард сонысын емигранттард жаман коред.

Жауап беру