Гаитиде тырысқақ індетінен 175 адам қайтыс болды

Фотография - Гаитиде тырысқақ індетінен 175 адам қайтыс болды

Бүгінгі таңда тырысқақ ауруын 16 мыңнан астам адам жұқтырған.

185 0

Гаитиде тырысқақ індеті өршіп тұр. Осы жылдың басынан бері бұл аурудан 175 адам қайтыс болды. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Елде қауіптіліктің ең жоғарғы – қызыл деңгейі жарияланды. Мәліметтер бойынша, індеттің өршуіне 2010 жылдың 12 қаңтарында болған жойқын жер сілкінісі себеп болып отыр. Табиғат апатынан ол кезде 220 мыңнан астам адам қаза тапқан. Зілзаланың салдарынан бүгінге дейін мыңдаған адам антисанитариялық жағдайда өмір сүріп келеді.

Сонымен қатар, ауыз судың тапшылығы да кері әсерін тигізіп отыр. Бүгінгі таңда тырысқақ ауруын 16 мыңнан астам адам жұқтырған.

"Бізге күн сайын 20-ға жуық науқас келеді. Бар-жоғы екі-үш күннің ішінде жазылып кететіндер бар. Ал кейбірі тіпті, ауруханада апталап жатады", – деді Буржинон Уилберг есімді дәрігер.

Осыған байланысты, тырысқақ ауруы өршіп тұрған аудандарда залалсыздандыру шаралары жүріп жатыр. Қазіргі таңда тұрғындарға адам денесіндегі су мөлшерін сақтау үшін арнайы дәрі-дәрмек таратылып жатыр. Сонымен қатар, түсіндіру, сақтандыру жұмыстары ұдайы жүргізіледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!