Бір апта ішінде 14 мың босқын құтқарылды

Фотография - Бір апта ішінде 14 мың босқын құтқарылды

Ол суда жүргізілген 90 арнайы операцияның арқасында мүмкін болған

99 0

Өткен аптада Жерорта теңізінде шамамен 14 мың мигрант құтқарылды. Ол суда жүргізілген 90 арнайы операцияның арқасында мүмкін болған. Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы шекарадағы қауіпсіздік жөніндегі "Фронтекс" агенттігі хабарлайды. Босқындар Кәрі құрлыққа негізінен үрлемелі және балық аулауға арналған қайықтармен жетпек болған. Қазір аман қалғандары дерлік Италияға жеткізілді. Айта кеткен жөн, "Фронтекс" агенттігінің иелігінде бүгінде 14 кеме, 4 ұшақ пен 3 тікұшақ бар. Жыл басынан бері қауіпсіздік агенттігінің қатысуымен Жерорта теңізінде 18 мың адам құтқарылған, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!