"Талибан" мүшелері 200-ге жуық адамды ұрлап кетті

Фотография - "Талибан" мүшелері 200-ге жуық адамды ұрлап кетті

Артынша содырлар 150 адамды босатқан

386 0

Ауғанстанның Кундуз провинциясындағы жолдардың бірін торуылдаған содырлар 200-ге жуық адамды ұрлап кетті. Кундуз провинциясындағы полиция баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, олар кетіп бара жатқан 3 автобус пен 3 минивэнді тоқтатып, ондағы 185 адамды жолынан қалдырды. Артынша содырлар 150 адамды босатқан.  Бірақ, қазір түрлі ақпарат құралдарынан осыған байланысты түрлі мәлімет келіп түсіп жатыр. Сол себепті тәліптердің қолында нақты қанша адам қалып отырғаны әзірге белгісіз, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!