Сирияда әуе шабуылы кезінде 28 адам көз жұмды

Фотография - Сирияда әуе шабуылы кезінде 28 адам көз жұмды

Тағы 200-ден астам кісі жарақат алған

273 0

Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб қаласына жасалған әуе шабуылы кезінде 28 адам ажал құшты. Марқұмдардың арасында 7 бала бар. Тағы 200-ден астам кісі жарақат алған. Бомбалардың бірі жергілікті ауруханаға түсіпті. Қазір құтқарушылар мен еріктілер үйінділерді аршу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құрбандар саны әлі артуы мүмкін деген қауіп бар. 28 ақпан күні Сирияда оқ атуды тоқтату туралы тәртіп күшіне енген болатын. Әуеден берілген бұл соққы сол кезден бері тіркелген ең ірі шабуыл, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!