Брюссельде мемлекеттік қызметшілер шеруге шықты

Фотография - Брюссельде мемлекеттік қызметшілер шеруге шықты

Олардың арасында жергілікті және федералды деңгейдегі шенеуніктер, пошта мамандары мен мектеп мұғалімдері бар

161 0

Бельгия астанасында мемлекеттік қызметшілер шеруге шықты. Олардың арасында жергілікті және федералды деңгейдегі шенеуніктер, пошта мамандары мен мектеп мұғалімдері бар. Олар үкіметтің бюджет қаржысын үнемдеу, зейнетақы жасын ұлғайту мен жұмыс сағатының санын арттыру жоспарына наразылық білдіруде. Бельгияда теміржол мен түрме қызметкерлерінің ереуілдетіп жатқанына 1 аптадан асты. Содан бері елдің оңтүстігіндегі Валлония провинциясында пойыздар тоқтап тұр. Отарбалардың қашан жүретіні де белгісіз. Себебі теміржолшылар еңбек реформасына қарсы ереуілді мерзімсіз уақытқа дейін жариялаған, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!