Францияда алапат нөсердің соңы су тасқынына ұласты

Фотография - Францияда алапат нөсердің соңы су тасқынына ұласты

Мұнан басқа Луэн өзені арнасынан асып, тағы екі қаланы су басып қалды.

269 0

Францияда бірнеше күн бойы жауған нөсер жауын су тасқынына ұласты. Елдің солтүстігіндегі Брюэ-ла-Бюисьер қаласында кейбір көшелердегі судың деңгейі біржарым метрге жетті. Құтқарушылар судың кесірінен үйлерінен шыға алмай отырған тұрғындарға қайықпен барды.

Мұнан басқа Луэн өзені арнасынан асып, тағы екі қаланы су басып қалды.

"Мен жұмысқа бару үшін таңғы төртте тұрдым. Есікті ашқаным сол еді, үйге су лап қойды", – дейді жергілікті тұрғын.

Жаңбыр мен су тасқынынан Францияның солтүстігі мен орталығында жеті департамент зардап шекті.  Су басқан бірқатар жолдар жабылса, басқаларында бірнеше шақырымдық кептеліс орнады. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!