Апатқа ұшыраған EgyptAir ұшағының қара жәшігі белгі берді

Фотография - Апатқа ұшыраған EgyptAir ұшағының қара жәшігі белгі берді

Бұл ақпаратты Париж билігі ресми түрде растап оты

126 0

Француз әскери кемесі EgyptAir әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағына тиесілі қара жәшіктен берілуі мүмкін белгіні тіркеді. Бұл ақпаратты Париж билігі ресми түрде растап отыр. 

Егер анық табылған болса, дыбыс жазғыш құрал арнайы кеменің көмегімен су бетіне шығарылады. Бұл арнаулы су көлігі іздеу операциясына өткен аптада қосылған болатын. Айта кетейік, қара жәшіктердің ішіндегі мәліметтерді талдау арқылы әлі сыры беймәлім күйдегі апат себебін анықтауға болады. Естеріңізде болса, EgyptAir әуе компаниясының Парижден Каирге ұшып шыққан лайнері 19 мамырда құлаған еді. Әуе кемесінде 66 адам болған, олардың бәрі қаза тапты. Ұшақ сынықтары Жерорта теңізінен табылған, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!