Швейцарияда әлемдегі ең ұзын темір жол туннелі ашылды

Фотография - Швейцарияда әлемдегі ең ұзын темір жол туннелі ашылды

Өткел Альпі тауындағы Сен-Готард асуының астынан салынған

155 0

Швейцарияда әлемдегі ең ұзын әрі тым тереңде орналасқан теміржол туннелі ашылды, деп хабарлады 24.kz.

Өткел Альпі тауындағы Сен-Готард асуының астынан салынған. Теңдесі жоқ жерасты жолының ұзындығы 57 шақырым және бұл шойын жол тәулігіне 260 пойыз құрамын өткізуге қауқарлы. Жер астында жолаушылар пойызы сағатына 250, ал жүк пойыздары 160 шақырым жылдамдықпен жүйтки алады. Туннель құрылысы 20 жыл жүргізіліп, оған 12 миллиард доллар қаржы жұмсалған. Швейцария билігінің айтуынша, оның іске қосылуы Еуропадағы тауар тасымалын едәуір жеңілдетпек. Оған қоса жолаушылардың қалааралық жолдарға кететін уақыты да қысқарады. Бұған дейін әлемдегі ең ұзын теміржол туннелі Жапонияда болған. Оның ұзындығы – 53 шақырым.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!