Пәкістанда дауылдан 20-дан астам адам ажал құшты

Фотография - Пәкістанда дауылдан 20-дан астам адам ажал құшты

Жарақат алғандар саны 120-дан асқан

241 0

Пәкістанның солтүстігінде дүлей дауылдың салдарынан 20-дан астам адам құрбан болды. Жарақат алғандар саны 120-дан асқан. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, желдің екпіні сағатына жүз шақырымнан асқан. Табиғи апаттан әсіресе ел астанасы Исламабад пен көршілес Равалпинди қаласы қатты зардап шекті. Марқұмдардың көбі құлаған ғимараттар мен алып ағаштардың астында қалып көз жұмған. Бұдан басқа, қолайсыз ауа райына байланысты Беназир Бхуто атындағы халықаралық әуежайдағы барлық рейстер кейінге шегерілген. Келген ұшақтар Лахор шаһарына жіберілді. Синоптиктер жауын-шашын жақын арада тоқтамайды деп болжауда, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!