Мехикода нөсер жауыннан 900-ден аса үй бүлінді

Фотография - Мехикода нөсер жауыннан 900-ден аса үй бүлінді

Мексика астанасының Истапалап ауданында шелектеп құйған нөсер жауыннан 900-ден аса тұрғын үйге зиян келген.

241 0

Кейбір деректер бойынша, Мехиконың 2 млн-ға тарта халқы бар аудандарының бірінде бір жарым сағаттың ішінде 1,9 млн текше метр жауын жауған. Қаза тапқандар мен жапа шеккендер жоқ, деп хабарлайды BNews.kz.

Мексика астанасының Истапалап ауданында шелектеп құйған нөсер жауыннан 900-ден аса тұрғын үйге зиян келген.

"Табиғи апат салдарынан Истапалаптың 16 аймағында 900-ден аса үй бүлінді, бес адам материалдық шығынға батты", - делінген аудан әкімшілігінің Твиттердегі парақшасында жарияланған хабарламада.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 250 жауынгер мен қалалық қызметтердің 1,2 мың жұмысшысы тартылған. 





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!