АҚШ-тың Аризона штатында астероид құлады

Фотография - АҚШ-тың Аризона штатында астероид құлады

3 метр болатын астероид Жер атмосферасына бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 04:00 кезінде кірген.

274 0

АҚШ-тың оңтүстік-батысындағы Аризона штатында астероид құлады. Бұл туралы РИА "Новости" ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Куәгерлердің айтуынша, диаметрі 3 метр болатын астероид Жер атмосферасына бейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 04:00 кезінде кірген. Олар соңғы рет аспан денесін Тонто ұлттық саябағында жүргенде көрген. Штат тұрғындары жарқ еткен отты жарықтың және бірнеше қатты дауыстың куәсі болды.

Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқарманың қызметкері Билл Куктің айтуынша оқыс оқиғадан зардап шеккендер жайлы хабарлама келіп түспеген.

Аталған басқарманың есептеуі бойынша, астероид сағатына 64,7 мың шақырым жылдамдықпен ұшқан. Ал оның кинетикалық энергиясы 10 килотоннаны құраған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!