Францияда бейбіт шеру соңы тәртіпсіздікке ұласты

Фотография - Францияда бейбіт шеру соңы тәртіпсіздікке ұласты

Басында шеру бейбіт түрде өткен

177 0

Францияның Нант қаласында еңбек заңнамасының реформасына қарсы ереуіл өтіп, соңы тәртіпсіздікке ұласты. Басында шеру бейбіт түрде өткен. Кейін жиылған жұрт дүкендердің терезелерін қиратып, жанғыш сұйықтық құйылған құтыларды лақтыра бастаған. Тәртіп бұзған бірнеше адам қамауға алынды. Бірақ олардың нақты саны әзірге белгісіз. Қазір шаһар тыныштығын полиция мен арнайы жасақ бақылауға алды. Дегенмен, еңбек министрі ұсынған заң жобасына қарсы наразылық шаралары әлі басылмай тұр. Құжат қызметкерлердің жұмыс сағатын көбейтіп, үстемақы мөлшерін азайтуды көздейді, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!