АҚШ-та әскер ұшақ апатынан ұшқыш қаза тапты

Фотография - АҚШ-та әскер ұшақ апатынан ұшқыш қаза тапты

Ұшақ әуе-шоуға дайындық кезінге құлаған

334 0

АҚШ-тың Теннесси штатында бомбалаушы жойғыш "Эф Эй 18" әскери ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты. Жергілікті арналардың хабарлауынша, ұшақ әуе-шоуға дайындық кезінге құлаған. Әзірге апаттың себебі анықталған жоқ. Айта кетсек, бұл Америкада бір күн ішінде болған екінші әскери ұшақ апаты болып отыр. Бұған дейін Колорадо штатында ел президенті Барак Обаманың қатысумен өткен әуе-шоуынан кейін "Эф 16" әскери ұшағы апатқа ұшыраған еді. Алайда бұл апаттан қаза тапқандар жоқ. Себебі, ұшқыш ұшақты адам жоқ жаққа бағыттап, өзі катапульта жасап, жанын сақтаған. Ал Барак Обама аман қалған ұшқышпен кездесіп, кәсіби ерлігі үшін алғыс білдірді, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!