Еуропадағы су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Фотография - Еуропадағы су тасқынынан қаза тапқандар саны артты

Бір ғана Германияның өзінде табиғаттың тосын мінезі 10 адамның ажалына себеп болған

210 0

Бірнеше күн толассыз жауған жауын Еуропа елдерін есеңгіретіп кетті. Бір ғана Германияның өзінде табиғаттың тосын мінезі 10 адамның ажалына себеп болған. Ал Францияда су деңгейінің жоғарылауы салдарынан атақты Лувр музейі жабылды. Елдегі Сена өзеніндегі су деңгейі соңғы 30 жылдағы рекордты көрсеткішке көтерілген. Салдарынан 5,5 мың адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Кейбір мәліметтерге қарағанда, өткен мамыр айы Францияда соңғы жарты ғасыр ішіндегі ең жауынды ай болған. Осыған байланысты ел президенті Франсуа Олланд аса қатты зардап шеккен аудандарға төтенше жағдай жарияламақ, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!