Түркияда лаңкестер бронды көлікті жарып жіберді

Фотография - Түркияда лаңкестер бронды көлікті жарып жіберді

Зардап шеккен жауынгерлер ауруханаға жеткізілді

312 0

Түркияның Диярбакыр провинциясында жарылыстан 8 сарбаз жарақат алды. "Күрдістан жұмысшы партиясының" содырлары үкімет әскерінің бронды көлігі өтіп бара жатқан жолға бомба орнатып, қашықтан басқару арқылы жарған. Зардап шеккен жауынгерлер ауруханаға жеткізілді. Осының алдында Нусайбин қаласында тағы жарылыс болып, 12 адам жараланған. Арасында сарбаздар мен полицейлер бар. Бұл бомбаны да "Күрдістанның жұмысшы партиясы" іске қосқан. Билік лаңкестік деп таныған ұйымға қарсы күресті биылғы көктемде бастаған болатын, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!