Грекия жағалауында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырады

Фотография - Грекия жағалауында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырады

Алдын ала мәлімет бойынша, су көлігінде 700 босқын болған

226 0

Грекияның Крит аралының жағалауында мигранттар мінген қайық суға кетті, деп хабарлады 24.kz. 

Алдын ала мәлімет бойынша, су көлігінде 700 босқын болған. Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым өкілдері грек сарбаздары 4 мигранттың жансыз денесін тапқанын мәлімдеді. Оқиға орнына Грекия жағалау күзетінің 2 кемесі мен тікұшақ жіберілген. Құтқару операциясына жақын маңдағы тағы 4 кеме тартылды. Бұған дейін 340 босқын құтқарылған. Әзірге мигранттардың қай елдің азаматы екені белгісіз.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!