Ливия жағалауынан 100-ден астам мигранттың мәйіті табылды

Фотография - Ливия жағалауынан 100-ден астам мигранттың мәйіті табылды

Марқұмдардың Африка елдерінің азаматтары екені белгілі

220 0

Ливияның Зуара қаласының жағалауында 100-ден астам мигранттың жансыз денесі табылды. Марқұмдардың Африка елдерінің азаматтары екені белгілі. Олар Жерорта теңізі арқылы Еуропаға жетпек болыпты. Ливияның жағалау күзеті босқындардың бос кемесін осыдан екі күн бұрын тапқан болатын. Жергілікті билік құрбандар саны әлі де артуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Айта кеткен жөн, жыл басынан бері Кәрі құрлыққа Жерора теңізі арқылы 194 мыңнан астам мигрант келген. Қауіпті сапар кезінде тағы 1400-ге жуық босқын діттеген жеріне жете алмай, жарты жолда көз жұмған, деп жазды 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!