Чилиде 900 жыл бұрын өмір сүрген мумиялар табылды

Фотография - Чилиде 900 жыл бұрын өмір сүрген мумиялар табылды

Мәйіттер матамен және өсімдік талшықтарымен оралған.

424 0

Чилидің Копьяпо қаласынан 900 жыл бұрын өмір сүрген үш адамның мәйіті табылды. Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Мәйіттер матамен және өсімдік талшықтарымен оралған. Мамандардың айтуынша, мәйіттің ұзақ уақыт жақсы сақталуына осы әдіс септігін тигізген. Моладан табылған әйел адамның жасы 50-60 шамасында, ал қалған екі бала 3-6 жаста деген болжам жасалды. Сонымен қатар, үй жабдықтары, ойыншықтар мен күйіктас ыдыстары да табылған.

"Мумиялар сыртқы түрі аяқ киімге ұқсайтын молада жатқан. Ол Копьяпо аймағына және оның мәдениетіне тән көрініс. Шыны керек, осыған дейін мұндай орындарды кездестірген емеспіз" , – дейді Атакама университеті социология институтының  директоры Марсела Уриза.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!